быра.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен тақырыпқа шолу.
3. Жаңа тақырып.
4. Нұрымның "Толғауы" аспапта үйрену.
1. Сәлемдесу.
2. Тақтада көрсетілген бейне суреттер арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.
Ал балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлінеміз. Әр топқа тапсырмалар беріледі жалпы уақыт 8 минут. Бүгін балалар, қиса-дастандар, терме-толғау жазған Сыр бойының атақты ақыны Базар жыраумен таныспақпыз.
Базар жырау XIX ғасырда өмір сүрген. Базар жырау жетімдікте өсіп, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып, байлардың қозысын бағады. Бір күні қозы бағып жүріп, далада ұйықтап қалса керек. Түсінде ақ киімді, ақ таяқты, ақ сақалды бір кісі келіп "Балам, маңдайыңа берейін бе, таңдайыңа берейін бе?" - дейді. Қарны ашып әрі шөлдеп жатқан бала: "Ата таңдайыма бер",-дейді.
Сонда бала орнынан өлең айтып ояныпты. Айналада сыбырлаған жел де, шалқып аққан көл де, әуеде ұшқан құс та өлеңдетіп тұр екен. Сонада Базарға өлең бір күнде қоныпты. Базар жырау ақындықты 16 жасында бастайды.
Сыр бойынан шыққан ақын-жырауларға ұстаздық еткен. Атақты ақын жыраулар Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Оңғар жыраулар. Сыр бойында туып-өсіп, өмірінің көп уақытын Өзбекстан, Қарақалпақтан жерінде өткізді. Бейіті Өзбекстанның Науай обл, Тамды ауданында сақталған.
Буыны бекіп, бұғанасы қаптау, даңқы шығу, таңдайыңа, маңдайыңа, деген сөздердің мағынасын ашу.
4. Аспапта Нұрымның "Толғау" шығармасын үйренуді жалғастыру.
Әуенге салып "Тәлім" Тұрмағанбет, "Өсиет" Бұхар жырау, "Нар ағаш" халық күйін ойнау.
Қорытынды; Не білеміз, не білдік, не білгің келеді?
Үй тапсырмасы; Базар жырау мұрасы, Нұрым термесін жаттап келу.
Страницы: << < 227 | 228 | 229 | 230 | 231 > >>