жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды. Сонда Тәттімбет: "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді", - деген екен. Айтысып отырған ақынның екеуі бірдей тұрып Тәттімбеттің қолын алады. Екі ақын келген жолаушының Тәттімбет екенін білгеннен кейін біраз аялдап қонақ болып кетуін сұрайды. Сонда Тәттімбет: "Елден ұзап шыққаныма көп болып еді. Елім мен жерімді аңсап сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар", - деп рұқсат сұрап көп аялдамай жол жүріп кетеді. Тәттімбет көп кідірмей өз еліне де жетеді. Бір төбенің басына шығып, қолына домбырасын алып өзінің Малайсары жайлауына арнап күй шығарады. Ол күй "Сарыжайлау" деген атпен ел арасына таралып кетеді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өзінің "Сарыжайлау" атты өлеңінде күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын жалғай түседі: Жайлау - сары, жалқын гүлі,
Сары даламен сыңсып ақты.
Көлеңкенің салқындығы,
Жылылығы күншуақтың;
Жапырақтың сарғайғаны,
Күзгі құстың сайрағаны
Жылқышы әні шалғайдағы,
Үйде қазан қайнағаны,
Қосылды да бәрі,бәрі,
Исі, түсі күйге сіңген,
Жыр жолы да ағылады,
Күй секілді үйлесіммен.
Күй тыңдайық:
Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында
Біліп ал!
Тәттімбет Қазанғапұлы - (1815-1862) күйші-композитор. Қарағанды облысы, Егінді бұлақ ауданында дүниеге келген. Арқа өңіріндегі шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Алғашқы домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Анасы Ақбөпе де өнерге жастайынан баулып өсіреді. Тәттімбеттің 40-тан астам күйлері бар. "Қосбасар", "Сары жайлау", "Көкейкесті", "Сылқылдақ", "Бес төре" т. б. көптеген күйлері ел арасына кеңінен таралған.
Білесің бе?
19 Жұмекен Нәжімеденов - (1935-1983) ақын. Ат
Страницы: << < 225 | 226 | 227 | 228 | 229 > >>