олып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Домбырамен төкпе мен шертпенің айырмашылығын көрсету. Ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т. б ал, қазіргі заманда күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т. б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек. Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі - қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Қорқыт туралы бейне жазба көрсету
6. Топтастыру әдісі
Оқушыларға таратылған күйшілердің күйлерін интербелсенді тақтада көрсетілген суреттеріне сәйкес топтастыру
7. Топпен жұмыс
Жазушылар тобы
Күй тыңдау барысынада көз алдарыңа елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп эссе жазу.
Ақындар тобы
Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.
Суретшілер тобы
Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.
Сабақты бекіту: Білемін Білдім? Білгім келеді?
Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқып келу. Қазіргі замандағы күйшілер туралы реферат жазу
Бағалау:
Рефлексия: Оқушыларға күйлердің шығу туралы әңгімелер беру, мазмұнын сұрау
Сынып 6 Күні : 26. 10 . 2015 ж " Ән - күй "
Сабақтың тақырыбы: Сары даланы сазбен тербеткен
Сабақтың мақсаты: Сары даланы сазбен тербеткен Тәттімбет туралы мағлумат беру.
Білімділік: Шертпе күйдің шебері Тәттімбеттің шығармашылығы жайлы әңгімелеу, шығармаларын тыңдау. Күйдің тарихымен түрлері мен таныстыру Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу
Страницы: << < 223 | 224 | 225 | 226 | 227 > >>