Күй құдіреті

Страницы: <<  <  224 | 225 | 226 | 227 | 228  >  >>

/>Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақ түрі: Лекция сабағы
Әдісі: Әңгімелеу, тыңдау, талдау, ән айту
Көрнекілігі: Электрондық оқулық
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, әдебиет
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу
2. Психологиялық тренинг
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты.
3. Ой қозғау Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Жайлау табиғатының суреті )
ІІ. Мағынаны тану.
1. Қазақтың кең даласы, жазық жайлауы талай ақындар мен сал-серілерге, әншілер мен күйшілерге ән болып ағылып, жыр болып төгілген. Сары арқа, Сары жайлау, Сары дала деп туған жер мен атамекенге теңеу айтып толғаумен болған. Ақын Жұмекен Нәжімеденов шертпе күйдің шебері атақты Тәттімбет күйшінің "Сарыжайлау" күйін тыңдап отырып жыр жолдарын төгілте жөнеледі:
Күй сөйледі - тынды бәрі,
Соқты теңіз көлкіп жарға.
Жапырақтың сыбдырлары,
Араласты толқындарға.
Жата кетті бар дүние,
Иегін сүйеп домбыраға.
Иә, күй сазын ақын сұлу сөзбен өрнектейді. Сары даланы сазбен тербеген Тәттімбеттің күйі шертілгенде жер дүние, тіршілік тына қалып күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады. Тәттімбеттің атағы бүкіл қазақ халқына жайылған кез болатын. Ол ел аралап алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып қайтып келе жатқан сапарында бір ауылда айтысып жатқан екі ақынның үстінен түседі. Сонда ақынның бірі тұрып: "Бұл дүниеде не өлмейді" дегенде, екіншісі: "өлмейтін тау, су, ай, күн, жер",-дейді. Екінші ақынның

Страницы: <<  <  224 | 225 | 226 | 227 | 228  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: