Күй құдіреті

Страницы: <<  <  222 | 223 | 224 | 225 | 226  >  >>

амыз
Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былай деп жырлаған:
Тайпалап жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырған күй.
Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып
Аққуды аспандағы қондырған күй. - деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген
Күй" дегеніміз не? Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы - күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті. Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.
Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма
Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі
Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. "Жетім бала", "Ақсақ құлан" т. б күйлерді жатқызамыз.
Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі "Ел айырылған", "Жеңіс" атты күйлер.
Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға "Абыл","Байжұма" күйлерді жатқызамыз.
"Ақсақ құлан" бейнеклипін көру.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты б

Страницы: <<  <  222 | 223 | 224 | 225 | 226  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: