рі мен табиғи дарынының кемшіндігінде екені даусыз.
Бұл турасында: "Мұндай ойнақы да толқымалы, мың құбылып, сиқырлы сазымен жаныңды баурап алатын әуендер мен мақамдарды өзінің түпнұсқасында меңгеріп алуға "әу" дейтіндердің бәрінің бірдей шамалары жете бермейді. Олар нәзік те ғажайып иірімдерді икемге келтіре алмай, туралап тартып, төпелеп кетеді де, бастапқы сырлы да сымбатты әуен, не мақам бар болмысы мен тамаша саздылығынан жұрдай болып, құр айқайға құрылған жұтаң шығарма болып шыға келеді. Сіздер сөз қылып отырған мақам да осындай тағдырға тап болған туындылардың бірі", - дейді өнер иесі Ә. С. Оспанов бізбен сұхбатында.
Кезінде төл өнерімізді тудырған өрен жүйріктердің мұндай ұлттық өрнекке бай, қазақ халқының мінез-құлқына, өскен ортасы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тән сипаттағы жыр мақамдарының және ән әуендерінің түпнұсқадан азды-көпті ауытқуына себепші тағы бір жайт - қазіргі дыбыстық техника дамыған заманда өмір сүріп жатқан, осы саламен шұғылданып жүрген, ұлттық колорит пен ғасырлар бойы қалыптасқан, әбден екшеліп таза күйінде жеткен туындылардың ерекшелігін, тарихын байыптамай, қалай болса солай өзгертіп (аранжировка жасап) жатқан жас буын өкілдерінің өзімбілемдігі.
Айтып біткен соң, мен: "Толғау Нұртуғандыкі, бірақ мақамы кімдікі?" дедім, жігіттің өзгешелеу айтып отырғанын аңғарып. Ол: "Жаңаберген жыраудыкі" деді. Мен: "Жоқ, бұл біріншіден, Жаңаберген жыраудыкі емес, Құттық Мұсабай жыраудыкі. Екіншіден, былай орындалады" деп, жаңағы сіздерге көрсеткен нұсқаны тартып бердім. Отырғандар аңырысып, бір-біріне қарап қалды. Сонан соң, мен өзім жинаған мұрағаттар мен кезінде жырау, сері болған әкем Оспаннан естігендерімді тілге тиек етіп, дәлелдеп берген соң, олар мойындауға мәжбүр болған-ды"
Страницы: << < 182 | 183 | 184 | 185 | 186 > >>