Күй құдіреті

Страницы: <<  <  183 | 184 | 185 | 186 | 187  >  >>

; деді.
Әбдісаттар ағаның әкесі, бала кезінен жыршылық, күйшілік, әншілік өнерді бойына сіңіріп, қырықтан асқанша серілік құрып, ел аралап өнерімен сол өңірге танымал болған Оспан, өзінің бозбала кезінде, сол Құттық Мұсабай жырауды (қартайыңқыраған шағында) той-томалақта жиі кездестіреді екен.
Кейінірек Оспан: "Сондай кездесулерде Мұсабай үнемі тойды өзінің "Менің атым Мұсабай" деген әзіл әнімен бастайтын еді" дей келіп, баласына:
Менің атым - Мұсабай,
Ат жібердім тұсамай,
Өзім жырау болыппын,
Ата-анама (3 рет) ұқсамай.
А-а-а-а, ата-анама ұқсамай.
Қайырмасы:
Мен жыраумын, жыраумын,
Қамысқа түскен қыраумын.
Ақша берсең алмаймын,
Жанқалтама (3 рет) салмаймын.
А-а-а-а, жанқалтама салмаймын. . .
деген мәтінді жоғарыда біз ағаның орындауында тыңдаған әуенмен орындап береді. Ә. С. Оспанов бұл әнді Берденов Тәжімбет жыраудан да талай рет естіген екен.
Қай шығарманың да өз деңгейінде шырқалуы орындаушы өнерпаздың ой-өрісіне, туабітті талантына, қабілет-қарымына байланысты. Жырлап отырған жырау-жыршының мінез-құлқы, бет-әлпетіндегі құбылыстар, ішкі талғам-түсінігі, шабыт шақыруы, мақам мен өздерін сүйемелдейтін кез-келген аспапты меңгеру дәрежесі орындалатын шығарманың сәтті аяқталуына, тыңдарманның көңілінен шығуына үлкен әсер етеді. "Жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай шабады" деген нақыл осындай ерекшеліктерге орай және дәл айтылса керек.
Бұл арада біз "бір жыршы дұрыс, бір жыршы бұрыс жырлайды" деуден мүлде аулақпыз. Айтпағымыз - "мақамның өзгермеуіне, жоғалып кетпеуіне атсалысып, онсыз да талай тағдыр тәлкегін көрген, ғасырларды артқа тастап, бізге жеткен, бізден болашақ ұрпағымызға мұра болып қалатын қасиетті қазынамызға ұқыпты қарайық, түпнұсқасын жоғалтып

Страницы: <<  <  183 | 184 | 185 | 186 | 187  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: