ды орындаған және қазір олардан үйренген өнерпаздар орындап жүр. Олар: Набат Ойнарова, Рысбек Әшімов, марқұм Мұрат Каримоллин, Берік Жүсіпов және осы мақаланың авторы, т. б.
Әсіресе, кейінгі жылдары бұл мақамды білмейтіндер кем де кем десек, артық айтқандық болмас. Өйткені, жыршы-термешілерді былай қойғанда, бұл толғауды жаңа көріне бастаған әнші-өнерпаздарға дейін айтады.
Соңғы жылдары бұл шығарманы сахнада термешілерден гөрі, әншілер жиі орындайды. Олай болуының басты себебі - әуеннің ойнақы да сазды иірімдерінде, кең тыныстылығында, Нұртуған толғауының осы мақаммен ерекше үйлесім табуында жатыр. Терме-толғауларды эстрадалық ыңғайға салып айтуға алғашында қарсылық білдірген пікірлер де аз болған жоқ. Егер, мұндай жағдайда мақам үйлесім тауып, бұрынғысынан да құлпырып, жүрекке жылы тиіп жатса, неге ансамбльдің сүйемелдеуімен айтпасқа?!
Өйткені, бір шығарманы әркім өзінше түрлендіріп, құбылдырып айту жыршы-жырауларға да, әнші, күйшілерге де, жалпы өнер адамына ортақ құбылыс екені даусыз. Суырып-салмалық - тек ақындарға ғана емес, бүкіл өнер иелеріне тән қасиет. Бұл қасиет - қазақ халқының ғана емес, өнерге жақын халықтардың барлығының да қанына сіңген, ықылым
Әрине, кез-келген мақамды әр жырау, жыршы-термеші өз шамасына, дауыс мүмкіндігіне қарай орындайтыны белгілі. "Аяз, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл" деп ұлы бабамыз Майқы би айтып кеткенмен, жолын да, әлін де білмей әлекке түсетін кейбіреулердің кесірі ұлттық музыкалық қазынамыздың өз құндылығын жоғалтуына септігін тигізетіні өкінтеді. Өнер туындысында өзгерістердің пайда болуының екінші және басты себептерінің бірі - әуендер мен мақамдарды үйренушілер мен оларға үйретушілердің осындай ұқыпсыздығында, әсіресе, аспапта ойнау, сүйемелдеу шеберлігінің жетімсіздігінде, дауыс ырғағының мөлше
Страницы: << < 181 | 182 | 183 | 184 | 185 > >>