Күй құдіреті

Страницы: <<  <  180 | 181 | 182 | 183 | 184  >  >>

ы жауапкершілікпен қарамаған біреуден үйреніп алуы салдарынан, ондай туынды басқа автордың шығармасы болып шыға келеді.
Осы арада айта кетерлік бір жайт, қазақ жырауларының өздері шығарған мақамдарына күй немесе ән сияқты ат қойып, айдар тақпағандығы және мақамның авторы нақты белгілі болған жағдайда, сол мақамның "пәленшенің мақамы", "түгеншенің мақамы" деп қана аталғандығы. Кейде мақамды халық арасына шығып, жырау атанбаса да, домбыраны жетік меңгерген және музыка өнерін жан-тәнімен сүйетін қарапайым жандардың да шығаруы мүмкін.
Мақамдарға ат қою соңғы жиырма-отыз жыл ішінде пайда болды. Өйткені, әсіресе, жыраулар мен жыршыларға қайта-қайта тыйым салынған кешегі кеңес үкіметі тұсында, ауылдардағы қарттардың өтініштерін аяқасты ете алмаған кейбір жыршы-жыраулар мен термешілер жасырынып жүріп, терме-толғау, не жыр айтқанда, мақам авторының аты-жөнін жасырып, кейде білместікпен, музыкалық шығармаға айтып бергелі отырған толғауының, не термесінің тақырыбын, кейде оны өзінен бұрын орындаған жыраудың, тіпті болмаса, мәтін авторының атын бере салуды әдетке айналдырған.
Алайда, мүндай ойланбай істелген әрекеттің дарын иелеріне жасалған қиянат екенін, қазақтың ғасырлар бойы жоғалмай жеткен ұлттық өнеріне, болашақ ұрпақтар үшін бабалар қалдырған бай мәдениетімізге деген жауапсыздық екенін түйсініп жатқан ешкім жоқ.
Өзгеге телінгендігін әркімдер-ақ айтып жүрсе де, осы уақытқа дейін нақты иесін таба алмай келе жатқан, біз сөз етіп отырған сондай шығармалардың бірі - Нұртуған ақынның "Кәнеки, тілім, сөйлеші" атты толғауы орындалып жүрген мақам.
Бұл мақаммен Сырдың төменгі ағысы мен Арал өңірінен соңғы 40-50 жыл көлемінде шыққан, есімдері елге белгілі жыршы-жыраулар, термешілер 7-8 буынға құрылған төкпе жырларды терме-толғаулар

Страницы: <<  <  180 | 181 | 182 | 183 | 184  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: