Күй құдіреті

Страницы: <<  <  170 | 171 | 172 | 173 | 174  >  >>

ағы лаванналар мен повадалар, Гуджараттағы билеп, ән салу рәсімдегі -- гарба мен Мадхья-Продештегі -- суа, Кераледегі -- колаттам, Кашмирдегі -- Чакри, Бенгалиядағы лирикалық әндер -- бхатиали, Пенджабтағы -- дхола, Раджастандағы -- панихари, Пенджабтағы -- махитъя, Уттар-Прадештегі -- каджари билері бар. Соқпалы аспаптар құрамында дхол, охолак, дамару, удуккаи, даф, тамматаи, каиджира, гуммати, нагара, үрмелі аспапта -- комбу, сингх (мүйіз тектес), тиручиннам, карна (қуыс турба) -- бансури, мурали, нагасар (сырнай), нафери бар. Ішекті аспаптар -- эктар, дотара, тунтуне, джантар, ішекті-қылды аспаптар -- камайча, банам, саринда. Классикалық музыка өнерінің түрлері сонау VII ғасырдан бастап етек алып, әрбір ақсүйек сарайында аулада орындалып, кейін храмдар мен сарайлардағы дәстүрлі ұлттық музыка ретінде қалыптасады.
Мриданга - Үнді барабаны
Үнді классикалық музыка өнерінің негізі "рага" болып, көпұлттық (көпшіліктік) салттарды қалыптастырды. Нада әуені ғарыштық энергия алатын өмір бастауы болса, аспаптың даму әуендері музыка дыбыстарын біріктіріп тала жүйесін кұрады. Космологиялық музыка Күн жүйесінің негізгі 7 ғаламаттарына бағытталып, октаваның дыбыс қатынастарының жарты тонынан кіші 22 дыбыс болатын шрути шығарған. Әрбір музыкалық дыбысқа орай ақындық символдық бояу түстерін тапқан. Соған орай Вадиименсамвади өнерін тауып, белгілі образдардың сезімі мағынасында қолданған. Солтүстік Үнді музыка жүйесі 10 бапты -- тхата, ал оңтүстіктегілер 72 бапты -- мела музыка жүйесін қолданады. Классикалық аспаптар: ішекті-шертпе -- вина, ситар, сарот, тампура, қылішекті -- саранги; үрмелі -- сырнай, шехнай мен нагасварам, кішкене фисгармоидар; ұрмалы -- пакховадж, мриданга. XIII ғасырдан бастап Солтүстік Үнді мәдениетінде Алдыңғы және Орта Азия мұсылмандық көркем

Страницы: <<  <  170 | 171 | 172 | 173 | 174  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: