Күй құдіреті

Страницы: <<  <  172 | 173 | 174 | 175 | 176  >  >>

нда ұлттық музыка мәдениетін зерттеу, мұралық еңбектерге арналған бүкіл Үнді музыкасын камтитын конференциялар өткізіліп, ән жинақтары, классикалық, тарихи және теориялық антологиялар шығарылады. Музыкалық оқу ағарту жүйелері бірізділікке түсіп, түрлі нота жазу, т. б. оқу формалары дамыды. 1928 жылы Мадраста Музыка академиясы, 1930 жылы Кералада Өнер орталығы, 1932 жылы халық өнерін сақтауға бағытталған Бенгал коғамы құрылды, 1901 -- 1908 жылдары Лахорда Гандхарва Махавидьялай музыка институты, 1939 жыл Делиде осы атаумен жаңа институт ашылды, Музыка мәдениеті дамуына елеулі үлес қосқан Вишну Нарайяна Бхаткханда, Вишну Дигамбар Палускардың рөлі ерекше болды. 1947 жылы Үнді елі өз тәуелсіздігін алуымен музыкасы өнерінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Сахна өнері де даму үстінде болып, Шила Ватстың "Құрғаған жер" атты спектаклі қайта қаралып, тәуелсіздік тұрғысынан өңделіп шығарылды. Сондай-ақ Гулам Хайдардың "Берілмеген Пенджаб" қойылымы, С. Шанкараның "Пойызы" Г. Д. Мадгулькараның "Рама туралы жыр", т. б. қайта жаңғырды. Сазгерлік және киномузыкасы саласында ұлттық музыкасы мен Батыс Еуропа музыкасы біріккен стиль орын алды. Осы бағытта А. Бисвaс, Х. Кумар, С. Чоудхури, Р. Бaрман, С. Бхaскар т. б. еселі еңбек етті. Музыка зерттеу саласына П. Самбамурти, P. Аяйнгaр, С. В. Айяр, С. Праджнананда өз үлестерін қосты. Классикалық жанрдағы орындаушы-музыканттар -- К. С. Нарайянасвами, С. Балачандер, Вилайят Хан (виш), Рави Шанкар (ситар), Али Акбар Хан, Амджат Али Хан (сарод), Бисмилла Хан (шехнаи), Харипрасад Чаурасья, Рамана (сыбызғы), Л. Cубраманам, Т. Н. Кришнан (скрищ); әншілер -- ағайынды Дагар, Кумар Гандхарва, Б. Чатурведи; әншілер Суббулакшими, Парвин Сұлтана, Шобха Гурти, т. б. болды. Бұл елде көптеген мектептері, колледждері,

Страницы: <<  <  172 | 173 | 174 | 175 | 176  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: