ау, ойды шартты тәсілдермен, қимыл және ым-ишарамен білдіру, ой-қиялдағы заттар мен ойнау және реквизит заттарын аллегориялық-бейнелеулік арқылы қолдану (ескек -- қайықпен жүзу), т. б. -- қытай театрындағы актерлік өнердің негізгі ерекшелігі болып табылады. Орындаушының арнайы қолданған ым-ишараты, жүріс-тұрысы, гримі, костюмінің түсі мен тігілуі кейіпкердің мінез ерекшелігін, қоғамдағы орнын, т. б. көрсетеді. Грим мен костюмде түр-түстердің символикасына, ою-өрнекке ерекше мән берілді.
Мысалы, қызыл түс -- ерліктің белгісі, ақ -- зұлымдық пен өтіріктің белгісі болса, ал сары түс -- императорлар мен будданың түсі деп саналды. Қытай театрында амплуа жүйесі берік қалыптасқан. Қытай театрының барлық кейіпкерлері төрт топқа бөлінеді: шен -- ерлер рөлі, у -- әскери адамдар, дань -- әйелдер және чоу -- комедиялық рөлдер. Осылардың әрбіреуінің өзіндік қимыл-қозғалыс пен драмалық әрекеттер кешені болды. Бұл театрдағы актерлік өнердің жоғары техникасы, дәстүрлі сахналык бейнелердің терең психологиялық трактовкасымен үйлесім табады.
Тыңдау: Пекин операсынан көрініс
Үйрену: І. Жақанов "Еділ мен Жайық"
Муыкалық сауат: ырғақ, метр, акцент
Әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың белгілі бір мерзімде ауысып келуін ырғақ деп атаймыз.
Белгілі уақыт үлесіндегі салмақты және салмақсыз үлестердің кезекпен , біркелкі келіп отыруын метр дейді.
Музыкалық шығарманың (немесе әндердің) кейбір дыбысын жеке бөліп, салмақ түсіре ойнауды (немесе айтуды) акцент түсіру дейді
ІV. Мадақтау. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі Үнді театры, биге тіл бітірген үнділер, үндінің сұлу сазды рагасы
Сабақтың мақсаты: Үнді хал
Страницы: << < 168 | 169 | 170 | 171 | 172 > >>