Күй құдіреті

Страницы: <<  <  171 | 172 | 173 | 174 | 175  >  >>

-өнер әсері байқалды. Үнді классикалық музыкасы 2 бағытта дамыды, Солтүстікте хиндустани бағыты сырттан енсе, Оңтүстікте -- карнатак бағыты Үнді халқының дәстүрлі бағытында болды. Олардың бір-бірінен өзгешелігі ерекше болмағанымен де орындаушылық дәстүрде әр түрлі жанрдағы өзгерісі сезілді. Оңтүстік Үндіде вокалды музыка (ән) басым болса, Солтүстікте аспапты музыка бара-бара белгілі жанрға айналды. Оңтүстік музыкасының негізі діни әндер -- киртан мен пада, XVII ғасырдағы Кшетрайна, XVII ғасырда екінші жартысы мен XIX ғасырда бірінші жартысындағы өмір сүрген Шъяма Шастри секілді ірі музыка қайраткерлері еңбектерінен орын алды. Содан соң жеңіл классикалық музыка түрі тиллана (XVIII ғасырда), джавали (XIX ғасырда) пайда болды. Солтүстік Үнді классикалық музыкасы жанрында белгілі орын алған салтанатты әнұран дәстүрі туды: XVI ғасырда -- Дхрупадтың өркендеуі, XVI -- XVII ғасырларда Миан Тансеннің шығармаларымен байланысты.
Ауылдық музыканттар
Жеңіл классикалық музыка Солтүстік Үнді жерінде вокалды өнердің тхумри, газал, дадра, таппа, тарана секілді түрлерін тудырды. Солтүстік және Оңтүстік музыка дәстүрлеріне қатар ден қойған Свати Тирунал (XIX ғасырда) болды. Үнді көркем өнеріне тән қасиет -- өнердің барлық түрінің араласқан синтездік бағыты. Вокалды ән мен хореографиялық өнер жанрлары Үнділік дәстүрлі музыкада туындап, Джатра, Якшагана, Тамаша тәрізді музыкалық театрларға негізделді. Олар Үнділік классикалық стильдегі билер -- бхарат, натъям, катхакали, манипура түрлеріне негіз болды. Үнді еліндегі колонияға қарсы ұлт азаттық қозғалыс (XIX ғасырда бірінші жартысы -- XX ғасырда ортасы) ұлттық музыка мәдениетінің жаңа маңызды кезеңіне себеп болды. Оған атакты ағартушы, жазушы, музыкант әрі суретші Р. Тагор шығармашылығы тікелей байланысты. Ұлттық интеллигенция арасы

Страницы: <<  <  171 | 172 | 173 | 174 | 175  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: