;сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда араб-қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі "мүбәрәк" сөзі қазақша "құтты болсын" деген мағына білдіреді. Атап өткен , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак сөзін Майлықожамен айтысқан кезінде былай қолданған: Қожаеке, есенсіз бе, сәлем бердік, Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік. Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ өлендерінің ұйқастарында қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар: Қалай-қалай қожа едің аузың залым Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім. Құдай бергсн дәулетім менің калың, Ықырар болсаң, тапқаның менін малым. Бұл жердегі "залым" (мағынасы арамы, зұлымдық көрсетуші адам), "мәлім" (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал мәлім сөзі де көп қолданғанымсн онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты. Қорыта айтқанда Құлыншақ Кемелұлы заманының көрнекті ақын болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер жоқ емес, дегенмен жоқтың қасы. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі шығарылған кітаптарда аз ғана. Мәселен "Бес ғасыр жырлайды" кітабында ары кетсе он ғана өлеңі жарым жартылай берілген. Десекте Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы
Страницы: << < 130 | 131 | 132 | 133 | 134 > >>