Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.
Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне "Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған" деп бағасын да беріп кеткен Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар ("Ер көгерер дұғамен", "Жолдас болсаң жақсымен", "Жақсы адам қартайса"), арнау өлеңдер ("Ахмет төреге", "Тұрлыбекке", тағы басқалар), дастан- мысалдар ("Қасқыр", "Тотынама", "Аңқау мен қу", "Шора батыр", "Үш жігіт"), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:
"Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың" - дегенiне лезде сөз тауып:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды.
Не құлын, не жабағы тай болмадың.
Немесе Гүлханым арудың:
Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:
Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi беке
Страницы: << < 131 | 132 | 133 | 134 | 135 > >>