атау атырабының ақындары" атты кітабымызда, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де міне осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақалды, Исакеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Меке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы қағына тиген қатты дертке ұшыра қайтыс болған делінгенді. Бірақ кейінгі Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев "Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" атты кітабында (1967) және біздің мәліметті ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген - кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ-Совет энциклопедиясында (7-том, 31 бет 1975 ж. ) жарияланып та жіберілді. "Бес ғасыр жырлайды" (2-том, 228-бет 1984 ж, 75-бет 1989 ж. ) кітабында, Ақын Құлыншақ қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден көрінеу қашқақтаған. Дегенмен біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге барғандығын былайша баяндаған: Айтайын уақытында болған ерді,- Ел бе
Страницы: << < 128 | 129 | 130 | 131 | 132 > >>