Күй құдіреті

Страницы: <<  <  129 | 130 | 131 | 132 | 133  >  >>

рген дүниенің арқасында Мекке мен көріп қайтты Мединені. Діндарлығына екінші бір дәлелді оның Майлықожамен айтысында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: "Лә иләһә иллаллаһ" деп айту. Осы сөзді айтқан адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең жолдарын келтірейін: Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан, Басында айыбың көп мың менен сан. Келмегейдің баласын кәпір дейсің Лә иләһә иллалла мен мұсылман. Акын өзінің діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған Құранмен байланысы бар екендігін көрсетеді. Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің бірден бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз өлеңдерінде араб сөздерін (сол сездердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар бар: Максұдың Алла Тағала бергеннен соң. Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Енді осы өлеңдегі араб сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық: Біріншіден: әр бір нәрсені Алланың беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да Құдай екендігін тағы да айтып кеткен. Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде "мақсұд", "мүбәрәк" деген араб сөзері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Бұл негізгі мақсаты, ниет етілген нәрсе. Мағынасын "

Страницы: <<  <  129 | 130 | 131 | 132 | 133  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: