рбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту
Сабақтың көрнекті құралдары: аспап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезіңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Айтыс дегеніміз не?
Айтыстың қандай түрлері бар?
Айтыскер ақындарды ата?
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Құлыншақ Кемелұлы (1840, Созақ ауданы, Жартытөбе аулы -- 1911, сонда) -- ақын. Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т. б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т. б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р. Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР ҰҒА-ның қолжазба қорына тапсырған. 1
Ақын Құлыншақ Кемелұлының араб әдебиетімен байланысы. Өз заманында, көзінің тірісінде-ақ атақ-даңқы алыс-алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын - Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911ж. ж. ) Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. Туған жылына келер болсақ 1840 жыл. Дегенмен Ә. Оспанұлы былай дейді: "1983 жылы жарияланған "Қар
Страницы: << < 127 | 128 | 129 | 130 | 131 > >>