Көсемше

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лған)
- Өткен сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?
- Есімше.
- Ендеше, есімшеге байланысты үйге берілген тапсырмаларды тексеріп
шығайық.
Сұрақ-жауап
1. Есімше дегеніміз не? Мысал
2. Есімше қалай жасалады?
3. Не себепті есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады?
4. Есімше қандай қызметті атқарады?
5. Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп келсе, қандай мағына береді?
6. Есімше сөзі бар сөйлем құраңыз
II Қызығушылықты ояту
"Кім жылдам" ойыны. Мына сөздерді қалташаларға дұрыс салыңыз :
Есімше алған,көрген
Көсемше
Болымды етістік асық, жүр
Болымсыз етістік айтқан емес,барма
Сабақты етістік өлең айт,кітапты ал
Салт етістік үйден келдім,,жолдасыңмен қайт
ІІI Мағынаны тану. (Слайд, кесте арқылы сабақты түсіндіру)
Көсемше - етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі
мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады.
1. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, қимыл, іс-әрекетті білдіріп, баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады.
2. Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей,
оның амалын, сынын себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде
жұмсалады. Мысалы: Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.
Арман кітапты дауыстап оқыды.
Оның жұрнақтары: -а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі.
Соңғы түрі жіктелмейді. Көсемше септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.
Бұл жұрнақтар негізгі етістікке,туынды етістікке, болымды, болымсыз
етістіктерге, етістерге жалғанады.
IY Пысықтау.
-Балалар, сабақ түсінікті ме?Егер түсінікті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: