реже ереже
Қорытынды.
Тест тапсырмалары
1. Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.
а)барған б) келіп с)бармақ
2. Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.
а)Асан бүгін сабаққа барған жоқ.
б) Асан бүгін сабаққа барады.
с)Асан бүгін сабаққа барды
3. Дос . . . айтады,
Дұшпан . . . айтады. Мақалға керекті сөзді табыңыз.
а) жылатып,күлдіріп б)айтады,дос,дұшпан с)дос,дұшпан, күлдіріп
4. Ол жүгіріп келе жатыр. Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.
а) - іп,-е б)-іп,-ыр с) - е,- кел
5. Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.
а)ән салдым б)жаяулатып жүр с)ән айтты
"Сабақтан алған әсерім" өз ойын жазу. (стикерлерді толтырып, тақтаға ілу)
Үйге тапсырма: 257 - жаттығу. Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау
жасаңдар.
Мен бүгінгі сабағымды төмендегідей нақыл сөзбен аяқтағым
келеді.
"Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле"
Ж. Баласағұн.
Қашанда үйренуге, білуге құштар болып, білім жолында қанаттарың
талмасын.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
6 "а" сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақтың анализі.
Сабақтың тақырыбы: Көсемше Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көсемше туралы жалпы түсінік бере отырып, жасалу, түрлену , қолдану жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: оқу, жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып,шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: мысалдарға алынған сөйлемдер арқылы оқушыларды ерлікке,
отанын сүюге, адамгершілікке, достыққа, бірін - бірі тыңдай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау,
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>