ығушылығы артты, жаңа сабақтың тақырыбы белгіленді. «Маусымдық белгілер» Оқушылардың жыл мезгілдері туралы білімдерін еске түсіріп алу мақсатында электронды оқулықта жыл мезгілі туралы айтылған мәліметті тыңдатып шықтым Ауа райының өзгерісін бағдарлап, маусымдық өзгерістерді бақылап отыру үшін дәптерлеріне күнді бағдарлап, жазып шықтық. Бұл тапсырманы орындаған кезде қателесіп кеткен Асыланға сынып болып көмектесіп, тапсырманы дұрыс жазып шықты. Балалардың арасында ынтымақтастық атмосферасы орнағаны осы жерде көрініс тапты. Ауаның жер бетіндегі қозғалысы жел болып, ағаштарды тербетіп, сергіп алдық (сабақ уақытында шаршап кетпеу үшін). Балаларды жыл мезгілдерінің атауымен атай отырып, сабақ уақытында жұмысты белсенді атқарып шығу мақсатында деңгейге сай төрт топқа бөліп алдым. Оқушыға берілген тапсырманы өз бетімен түсініп алуға мүмкіндігі болу үшін мәтінді жеке түсініп оқып шығуға тапсырма бердім. Оқығандарын басқалармен бөлісу мақсатында, сонымен қатар, өз білімдерін басқа оқушының айтқандарынан толықтыру үшін топтық әңгіме жүргіздік. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өлең, не жұмбақ құрастыруға тапсырма берілді. Үлгерім қабілеті төмен оқушыларға арнап оқу үдерісін жинақтау мақсатында сабағыма «маршруттық карта» еңгіздім. Бұдан шыққан қорытынды: оқушылар маған мұғалім ретінде аз тәулді болды, тапсырмада қиндықта туындаған кезде қандай әрекетке бару керектігін білді. Ол карта бір аялдамадан келесі аялдамаға жету болатын және әр аялдамада ұпай жинау қажет еді. Оқушылар үлкен жауапкершілікпен бұл тапсырманы орындады.
Оқушылардың келешекте сан алуандық пен айырмашылықты бағалауға мүмкіндік туғызу мақсатында оқушыларға «Галлерея» әдісімен постер қорғауға тапсырма бердім. Балалар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі үшін, өзінің оқуын жақсарту үш
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>