ін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұның көрінісін постер қорғаған кезде байқадым. Оқушылар бірін-бірі түсініп, қызығып және ықыласпен әрекет етулеріне себебін тигізді.
Осындaй жaңa әдістер aрқылы сaбaқты меңгеру оқушылaрғa ұнaды, тoптық жұмыста ынтымақтастық орнады, келіспеушілік бoлған жoқ. Оқушылaр ұйымшылдықпен қaтысa oтырып, сaбaқтa aлғaн түсініктерін көрсете білді. Топтар өзара бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс aрқылы бaғaлaды. Ақпараттарды қаншалықты игергендерін байқау үшін «Артығын тап» атты тапсырма әр оқушыға жеке үлестірілді. Балалар өздерін тапсырманың критерилары арқылы бағалап отырды. Оны сабақтың өн бойында бағалау парақтарына жазып отырды. Сабақтың соңында өздері есептеп, қанша бал жинағандарын шығарды. Мен тек бақылап, бағыт беруші рөлін атқаруға тырыстым.
Мен бұл сабақтан не түйдім, қандай кедергілерге тап болдым дейтін болсам,сабақта қиындық туғызған сәттерім болды: сабағымның соңында уақытты тиімді пайдалана алмау себебінен рефлексия жазғызып үлгермедім. Бұл жұмысты сабақтан кейін орындатуға тура келді. Кей балалар шығарған өлеңдерін постерға түсірмей қалған топ та болды. Себебін «уақыттың жетпегендігінен» деді. Мұндай жағдайларда мен оқушыларға дұрыс бағыт беріп, көмектесіп отыруға тырыстым. Мысалы «Жазған жұмбақ, өлеңдеріңді балаларға дәптерден оқып бере қойыңдар» деген бағытпен. Өткізген сабағымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбат жүрді. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігінің куәсі болдым.
Яғни:
оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын еркін білдіруіне мүмкіндіктері болды;
2. әркімде әртүрлі идеялардың болатындығын оқушыларым түсінді;
3. оқушылар өз идеяларын дәлелдеуге машықтанып келеді;
4. маған мұғалім ретінде оқушыла
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>