масы
Қазіргі бала қарқынды ортада өседі және жетіледі. Адам ауқымды ақпарат ағынына тап болады, ол үнемі іскер әрі жеке байланыстар, соның ішінде виртуалды байланыстар мөлшерімен толығып отырады. Қазіргі кезде осы ағынды басқаруды үйренбестен табысты болу мүмкін емес.
Курс не үшін әзірленді
Тайм-менеджменттің өзектілігі қазіргі кездегі қызметтің айрықша жобалық стиліне деген сұранысқа байланысты. Бұл адамның кәсіби, сондай-ақ жеке салада, тіпті тұрмыста түрлі ауқымды әрі шағын жобаларды іске асыра алатынын білдіреді. Ол өзінің сұраныстарын түсінеді және оларды мақсаттар мен міндеттер тіліне шебер «ауыстырады».
Жобалаушы адам өзін ұйымдастыра біледі, себебі нәтижеге жету үшін қандай қадамға бару керектігін және олардың реттілігін түсінеді. Белгіленген жоспар бойынша әрекет ете отырып, ол жобаны іске асыру міндетін өз мойнына алады: кәсіби, тұлғалық, тұрмыстық. Ол сәтсіздікке ұшыраған жағдайда өз қызметін түзетуге дайын. Жобалаушының жемісті қызметі тайм-менеджмент тәсілдері мен техникаларын меңгеру деңгейіне тікелей байланысты.
«Білім алушыларға арналған тайм-менеджмент» элективті курсы 5-ші сынып оқушылары үшін әзірленді.
Курстың мақсаты: білім алушылардың өз уақытын тиімді ұйымдастыру үшін тайм-менеджменттің практикалық құралдарын меңгеруі.
Міндеттері
Оқушыларды уақыт санатының түрлі аспектілерімен таныстыру: физикалық, психологиялық, тарихи.
Білім алушылардың уақыт жоғалтатын жағдайлар мен осындай жағдайда уақытын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсінігін қалыптастыру.
Уақыт жоғалтатын өмірлік жағдайға талдау жасау және өз уақытын тиімді ұйымдастыру тәсілдерін қолдануды үйрету.
Балаларды жоспарлау ережелерімен таныстыру; уақытты ұйымдастырудың жеке стилін жоспарлау мен қалыптастыру тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>