r/>Балаларға сабақ кезінде және сабақтан бос уақытта уақытты жоспарлауды үйрету.
Білім алушыларды сабақ кезінде және сабақтан бос уақытта өз уақытын жоспарлауға ынталандыру.
Білім алушылардың уақытты басқарудың құрылымдық және құрылымдық емес тәсілдерін жобалау кеңістігін ұйымдастыруы.
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер:
түсіну;
жобалық қызмет;
ми шабуылы және топтық пікірсайыс;
ойын қызметі;
әңгімелесу;
эксперимент;
топтық бірлескен қызмет;
жағдайды талдау және оларды өзгерту;
оқиға құру.
Қолданбалы курс оқудың заманауи белсенді нысандарын қолдану арқылы тренинг форматында іске асырылады. Олар мына талаптарға сай:
белсенді әрі практикалық-бағдарланған болу – нақты оқиғаны бастан өткермей және сынақтан өткізбей әлденені өзектендіру қиын, әсіресе егер бірлескен қызмет, мәселелерді шешу жөнінде сөз болып отырса; білімді бірлесе ашу, жағдайды бірге бастан өткерусіз білім алушыларға білімді меңгеру қиын;
оқиғалы болу – балалар үшін маңызды оқиғаны үлгілеу (бұл өзгерістер негізін құрайды);
рефлексивті және бір мезгілде тұлғалық маңызды болу: өзіңнің және өзгелердің іс-қимылын түсінбей даму мен өзгеру жөнінде айту мүмкін емес;
баланы белсенді позицияға қою және оны марапаттау;
алдағы оқиғаларды жобалау және ойдағы жобаларды іске асыру жағдайын құру – өзіндік дамуын ынталандыру;
балалардың сұраныстары мен қызығушылықтарына сай болу.
Бұл курстың басымдығы:практикалық бағыт, оқытудың интерактивті нысандары, оқудың қарқынды сипаты мен ыңғайлы форматы.
Элективті курс бағдарламасының құрылымы
Бағдарламаның жалпы құрылымы төрт модульді қамтиды:
«Ынталандыру». Оның мақсаты – балаларды тайм-менеджменттің тәсілдерін белсенді әрі саналы меңгеруге ынталандыру. Балалар ұсынылған тәсілдерд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>