Как обучать дистанционно

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Журнал
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС / ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Қашықтан оқытуда білім алушыларға уақытты тиімді пайдалануды үйрету жолы: қолданбалы курстың дайын бағдарламасы
А. Н. Сыздыкова
«Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің 79 мектеп-лицейі» КММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары
Қашықтан оқыту жағдайында жоспарлау дағдысы аса өзекті. Статистика бойынша білім алушылардың 85 күнін дұрыс жоспарлауды және басымдықтарды белгілеуді білмейді. Осыдан барып нашар баға мен тез шаршау орын алады. Әріптестеріңіз тайм-менеджмент тәсілдерін тәжірибеде тексеріп көрді және ең тиімділерін анықтады. Балаларға уақытын дұрыс пайдалануды және, оқуды, тынығу мен хоббиін үйлестіруді үйрету үшін қолданбалы курстың қарқынды бағдарламасын қолданыңыздар. Тақырыптық жоспарлауды жүктеп алып, қашықтан жүргізілетін жұмыста да қолдануға болады.
Тайм-менеджмент– бұл қызметіңді тиімді ұйымдастыруға және белгіленген мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін тәсілдер жүйесі.
«Тайм-менеджмент» термині нақты емес: уақытты басқаруға болмайды, ал оны ұйымдастыруға болады.
Тайм-менеджмент– білім беру процесіндегі жаңа құбылыс. Балаларға жоспарлау дағдыларын үйрету үнемі мектептің маңызды міндеті болған. Бастауыш мектепте оқитын әр баланың жұмыс үстелінің жанында «Менің күн тәртібім» плакаты ілулі тұр. Оқудың барлық кезеңінде балаларды қолдайтын күнделік – жоспарлаушының әдеттегі үлгісі. Сондай-ақ сабақ кестесі, белгілі іс-шараларға дайындық жоспары және т. б. бар. Аталғандардың бәрі – тайм-менеджмент элементтері. Алайда оқушылар мектепте алатын қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі дағдылары қазіргі кезде жеткіліксіз.
Тақырыпқа:
Тайм-менеджмент
Өзіндік менеджмент технологияларын қолдану
Элективтік және қолданбалы курстар бағдарламаларын құрастырудың әдістемелік тұжырымда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: