і меңгерудің маңыздылығын түсінуге тиіс.
«Уақыт» ұғымын түсіну». Бұл модульдің мақсаты – балаларды «уақыт» санатының түрлі аспектілерімен таныстыру. Уакқытты қабылдау тұрмысқа және табиғат құбылыстарына сүйену арқылы құрылады. Бағдарламаның бұл блогы балалардың уақытты сезіну, субъективті факторлардың уақыт түсінігіне ықпалын түсіну және уақыт босқа жұмсалатын жағдайды бақылау қабілетін дамытатын ойындар мен жаттығуларды қамтиды.
«Мақсат қою және таңдау». Мақсаты – балалар өз қызметінің мақсатын түсінетін жағдай құру. Балаларға мақсатты дұрыс тұжырымдауды және қарама-қайшылық жағдайында мақсаттарға талдау жасауды үйрету. Білім алушылар үшін көбіне ниет пен мақсат бірдей құбылысқа жатады. Бағдарламаның бұл модулі аса өзекті.
«Жоспарлау тәсілдері». Мақсаты – балаларды уақытты ұйымдастырудың нақты қағидаларымен, тәсілдерімен таныстыру. Қызметті жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін меңгерген адам көп нәрсеге үлгереді, оның қызметті біртұтас сипатқа ие, ол аз шаршайды. Бұл модульде оқудың барлық сатысында балалар үшін маңызды жаттығулар қамтылған.
Тайм-менеджмент бойынша бағдарлама модульдерін конструктордың элементтері ретінде қарастыруға болады. Балалардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың қазіргі жағдайына, өмір сүру қарқынына, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне, соның ішінде психофизиологиялық жағдайына қарай олардың орнын ауыстыруға, олардың біреуіне балалардың назарын аударуға және басқасының маңыздылығын азайтуға болады. Тек басты талапты сақтау маңызды: бағдарлама әрқашан «Ынталандыру» блогынан басталады.
Оқу нәтижесінде білім алушылар
өз уақытын басқаруды, басым істерді белгілеуді және уақытында орындауды үйренеді;
уақытты басқару құралдарын қолданады;
жұмыс күнін жоспарлау дағдылары қалыптасады;
уақыт жоғалтудан алшақ болады, о
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>