Тақырып Инжекторлы қоректендіру жүйесі
XX ғасырдың 60 жылдарының соңы - 70 жылдардың басынан бері қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарының, соның ішінде автомобильдердің жанған газынан шығатын зиянды заттардың қоршаған ортаны ластап, адам организміне зиянын тигізетіндігі ескеріле бастады. Автомобильдерден шыққан жанған газдың қалдықтарындағы зиянды заттарды азайту үшін, жанармай аппаратын түбегейлі өзгерту мақсаты алға қойыла бастады. Жанған газдағы зиянды заттарды залалсыздандыру үшін катализатор орнату ұсынылды. Катализатор дұрыс жұмыс істеуі үшін, жанғыш қоспаның салмақтық қатынасы 14,5:1 болуы жөн. Бұл мөлшерді карбюраторлы қоректендіру жүйесі қамтамасыз ете алмайтыны белгілі, сондықтан қоректендіру жүйесін инжекторлы қоректендіру жүйесімен ауыстыру ісі жолға қойыла бастады.
Жанғыш қоспаны карбюратор арқылы дайындау 2009 жылға дейін қолданылып келді, бірақ бұл қоректендіру жүйесі Еуро-3 стандартынан өтпей қалды, сөйгіп, карбюраторлық жанғыш қоспа дайындау жүйесін қолдануға 2009 жылдан бастап тыйым салынды.
Еуро-1 стандарты 1995 жылға дейін қолданылып, содан кейін Еуро-2 стандартына көшті.
Еуро-3 стандартын қолданғанда қозғалтқыштың зиянды заттарды шығаруы 30-40 төмендеген. Еуро-3 стандарты Еуропада 1999 жылдан қолданыла бастады.
Еуро-4 стандарты 2005 жылдан, Еуро-5 стандарты 2009 жылдан бері қарай Еуропада қолданылып келеді, ал Еуро-6-ны 2015 жылдан бастап енгізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда инжекторлы (бүріккіш) қоректендіру жүйесі карбюраторлық жүйені толық алмастырған. Инжекторлық қоректендіру жүйесін пайдалану қозғалтқыштың қуаттық көрсеткішін жақсартады.
Қозғалтқышқа жанармайды инжекторлы жүйе арқылы берудің карбюраторлы жүйеге қарағанда артықшылығы бар, ол төменде көрсетілген:
жанармайды дәл мөлшерлеу, соған ба
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>