Инжекторлы қоректендіру жүйесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қын арадан беріліп, жанармай шығыны азаяды, жанармайдың ауамен араласуы жақсарып, соның нәтижесінде жанармай үнемді пайдаланылады, жанған газдың зияндылығы азаяды. Қысу дәрежесінің жоғары болуына байланысты қозғалтқыштың қуаты артады. Жанармай аппаратының қалыпты жұмыс істеуі үшін сапалы бензинді пайдалану талап етіледі.
Ресей мен Украинаның Еуростандартпен сәйкес еместігін жанармай құрамында күкірт пен бензолдың артық болуынан көруге болады. Мысалы, ресейлік стандартта жанармайдағы күкірттің мөлшері 1 кг-да 500 мг болса, ал Еуро-3 стандартында оның мөлшері - 150 мг, Еуро-4-те - 50 мг, Еуро-5 стандартына көшкенде, 10 мг болуын талап етеді.
Күкірт пен су бүрку тетіктерінің тоттану үдерісін тездетеді де, одан бөлінген қалдықтар бүріккіштің қозғалыстағы бөлшектерінің желінуіне әсерін тигізеді. Соның әсерінен ондағы қысым азайып, бензиннің бүркілу сапасы төмендейді. Бұл қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыс істеуіне және сипаттамалық көрсеткішіне әсер етеді.
Қозғалтқышта бензинді тікелей бүрку тәсілі бірінші рет Mitsubishi компаниясында қолға алынды. Оның құрылысы мен жұмысымен танысу үшін GDI (Gasoline Direkt Injeubishi) қозғалтқышын қарастыратын болсақ, GDI қозғалтқышы өте кедей жанармай қоспасымен жұмыс істейді. Ауа мен жанармайдың салмақтық мөлшер қатынасы 30-40:1-ге жетеді. Бұл көрсетілген қоспа өте кедейленген, сондықтан ол оталмайды. GDI қозғалтқышында тозаңдатылған жанармай цилиндрде бу тәрізді оталдырғыш шырақтың жанында шоғырланғандықтан, ол жеңіл оталады. Кедейленген қоспаны пайдаланғанда детонациялық құбылыс болмайды, бұл қозғалтқыш цилиндрінің ішіндегі ауаның қысылу дәрежесін және қозғалтқыштың қуатын арттыруға ықпал етеді.

Жоғарғы қысымды механикалық сорғының қысымы 50 бар-ға дейін жетеді (инжекторлы қозғалтқышта бактағы электрсорғы 3-3,5

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: