Инжекторлы қоректендіру жүйесі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

басып озуда пайдаланылады. Жанармай конус түрінде бүркіліп ауамен араласқанда, бу тәрізді қоспаға айналады. Қоспаның құрамы 14,7:1 қатынасына жақындау болады.
Екі деңгейлі бүрку тәртібі (сору және қысу ырғағындағы бүрку). Бұл жұмыс тәртібі қозғалтқыштың моментін көтеруге мүмкіндік береді. Қозғалтқыш аз айналымда жұмыс істеп, басқышты шұғыл басқанда қозғалтқышқа байытылған қоспа беріліп, ол тұтануға бейім болады, сондықтан бүркуді екі кезеңде орындап, тұтануды тоқтатады. Жанармайдың аз бөлігі цилиндрге сору ырғағында бүркіліп, цилиндрдегі ауаны салқындатады, бұл кезде цилиндр өте кедей қоспамен (60:1 шамамен) толтырылады, мұндай қоспада тұтану болмайды, содан кейін қысу ырғағының соңында жанармай цилиндрге шашыратылып беріледі, ол ауа мен жанармайдың салмақтық қатынасын 12:1-ге жеткізіп, бай қоспаға айналдырады. Бұл тәртіп тек еуропалық автомобильдерге енгізілген. Mitsubishi компаниясы тікелей бүрку әдісін бірінші болып қолданған. Бүгінгі таңда осы технология Mitsubishi, BMW, Volkswagen және Toyota автомобильдерінде қолданылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты - бензинді сору құбырына бермей, тікелей жану камерасына беру.





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: