Инжекторлы қоректендіру жүйесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

йланысты жанармайды үнемдеу;
қозғалтқыштың қуатын шамамен 7-10 арттыру;
автомобильдің динамикалық қасиетін жақсарту;
ауа райының жағдайына байланыссыз қозғалтқыштың жеңіл
оталуы.
1-сурет. Инжекторлы жүйенің түрлері
Инжекторлы жүйенің түрлері. Бүріккіштің (инжектор) санына және жанармайды беру орнына байланысты бүрку жүйесі үш түрге бөлінеді:
бір нүктелі немесе орталықтан бүрку (барлық цилиндрге жанармай бір бүріккіш арқылы берілетіні 98,а-суретте көрсетілген);
көп нүктелі немесе таратылымды (әр цилиндр жеке бүріккішпен жабдықталған, жанармай коллекторға беріледі 1,6-суретте);
тікелей бүрку (дизельді қозғалтқыштағыдай, жанармай тікелей цилиндрге беріледі 1,в-суретте).
Бір нүктелі немесе орталықтан бүрку, бүріккіші қарапайым карбюратор сыяқты, ауа коллекторының алдына орнатылады (а-суретте) Жанғыш қоспаны бір бүріккіш арқылы барлық цилиндрге береді.
Бір нүктелі немесе орталықтан бүрку жүйесінің карбюраторлы жүйеден артықшылығы - жанармайды үнемдеу, экологиялық таза, параметрлері тұрақты және сенімділігімен ерекшеленеді. Оның бір кемшілігі - бір нүктелік бүріккішті қолданғанда, карбюраторлы жүйені қолданғандағыдай, 30 жанармай сору коллекторында қалып қояды.
Орталықтан бүрку карбюраторлы жүйеге қарағанда бір саты жоғары болып есептелгенімен, қазіргі талаптарға сай келмейді.
Көп нүктелі немесе таратылымды бүрку жүйесі қазіргі талаптарға сай, жанармай әр цилиндрге жеке-жеке беріледі (б-сурет). Таратылымды бүрку жүйесі үнемділік жағынан ерекшеленеді. Бұл жүйені қолданғанда қозғалтқыштың қуаты 7-10 артады. Қозғалтқыштың иінді білігінің әртүрлі айналысында автоматты түрде жанғыш қоспаның мөлшерін реттеу мүмкіндігі, соған байланысты цилиндрдің жанғыш қоспамен толтырылуы жақсарады. Бензин сору клапанына жа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: