ертедегі қазақтар реакциялар туралы ой қорытып оның негізін сезінді. Жаңғыш заттардың (ағаш, шүберек, шөп, көмір) жанатынын ол кезде жылу, жарық және түтін бөлінетінін білді СО2 СО2Q (4) Оттың тутінін де пайдаланады. Жанумен бірге ұзақ уақытқа созылатын баяу тотығу, шіру процесі де журетіннін білді. Қазақтар қоршаған ортада "даму", "өзгеру", "қозғалу", "басқа заттарға айналу", процесі жүріп жатқанда оңың өзіне тән заңдылықтары бар екенін адамдар ертеден-ақ сезінгендігі анық. Мысалы, ағаш жанып күлге айналса, оның біраз бөлігі ұшып кетеді, осы кезде жарық пен жылу бөлінеді. Сүт ашып қышқыл айранға айналады. Қайнап тұрған суға түскен тағамдық зат түрін де, дәмін де өзгертеді. Шын мәнінде бұлардың бәрі химиялық құбылыстар екенін ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ сезген. Етедегі қазақтар отты еркше қадірледі, оның көптеген қасиетін білді. Оттың "өмір" екенін оның әрі жарық, әрі жылу бөлетіннін ескеріп, отты қорлауға болмайды деп әртүрлі тыйымдар салады. Мысалы: "отқа тукіруге болмайды", "оттан аттауға", "отты кесуге" болмайды. Қазақ халқында өте ерте кезден отқа байланысты салт дәстүрлер қалыптасқан. Олар: жас нәрестені бесікке саларда бесікті отпен аластау, жас келін үйге алғаш енгенде табалдырықтан отқа май құю, ел жайлауға көшкенде, көшті жанған екі от ортасынан өткізу. Ескі қоқыс жарамсыз заттарды өртеп орыру, т. т. бұның бәрі оттың тазартқыштық қасиетін ертедегі ата-бабаларымыздың айқын аңғарғандығы. Отқа қатысты тағы бір ерекшелік егер отты үрлесе оның жақсы жанатынын білген. Ошақтағы от бықсып жақсы жанбай жатса оны үрлеп "Қоян ақсақ, от жүйрік" деп дәріптеуі бір жағынан отқа табыну болса, екішіден отты үрлегенде ауадағы оттектің мол келуіне мумкіндік жасап, оттың жақсы жануына жа
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>