Химияны оқытуда халықтық педагогиканың элементтерін пайдалану

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

кцияларды пайдалана отырып қымыз, шұбат, боза ашытқан бұл процесс осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Ашу процесін Европа халқы Х ғасырда ғана білсе, біздің ата-бабаларымыз сақ, ғұн тайпалары біздің заманымызға дейінгі ғасырдан бастап пайдаланып келе жатқан көшпелілерге саяхат жасаған Г. Рубрук, М. Поло Платини жазып кеткен. Осы тәрізді көшпелі ата- бабаларымыз тұрмысында сүт қышқылдық ашуды да пайдаланып айран, қатық, сүзбе алған. Ол кезде мынадай реакия жүреді: С 6Н 12О6-СН3-СНОН-СООН18ккал лактоза сүт қышқылы Қазақ халқы ерте кезден пайдалып келе жатқан кәсіптік ісінің бірі тері өңдеу. Көшпелі тіршілікте өмір сүруіне байланысты үй жануарлардың (жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі) және жабайы аңдардың терісін пайдалана білді. Теріні өңдеп тұрмысына қажетті аяқ киім, тон, ішік, саба, мес, көнек, ер тұрман бұйымдарын жасаған. Теріні ертедегі ата-бабаларымыз екі әдіспен өңдеген. 1. малмаға салып бұқтырып өңдеген. Малма - дегеніміз ашыған айран және оның сары суы немесе ашыған сүт. Бұдан басқа тұзды суды пайдаланған. 2. жағу. Иді қатықтан айраннан жасайды Екі әдістің екеуінде де айран мен сүт құрамындағы сүт қанты (лактоза) ашу процесінің нәтижесінде күрделі реакцияға түсіп тері құрамындағы белокты заттармен әрекеттесіптеріні жұмсартады. Тері өңдеудегі келесі реакция, теріні бояғанда жүреді. Біріншіден теріге түс өң беру болса, екіншіден су өткізбеу үшін өңдеді. Қазақ халқы тері өңдеуге табиғи бояуларды сәтті пайдалана білген. Табиғи бояуларды қынадан және тал терек, емен қабықтарынан, сонымен бірге шеңгел мен көк тікеннің бүрлерінен алған. Бояу үшін алған өсімдік мүшелерін суға салып, таөазал жуып, кептіріп, келі не диірменге салып ұнтақтайды. Ұнтағын тұз салып қайнатады. Қайнатқан соң, қоюын сүзіп алып тастайды да қан жылым болып суығанда теріні бояған. Орыс, батыс ғылымда

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: