не шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде жаз тапсырмаларын беруге болады.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш. А. Амонашвили: "Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек", - дейді. Менің ойым да сол. Химия пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен мектептеріміз толық қамтамасыз етілген. Атап айтатын болсақ біздің мектеп оқушыларының химия оқулықтарымен қамтамасыз етілуі 80 пайыздан аспайды, сондықтан мұғалімдер көп ізденіп, көп еңбек етуі қажет.
Химия мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. Іс тәжірибемде жинақталған тест сұрақтары жинағын, деңгейлік жеке тапсырмалар жинағын өз сабағымда қолданып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Бұл жинақтарды жасауда көптеген әдебиеттерді және "Химия негізде
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>