Гимнастика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

көркемсөз оқитын Салимағанбет М
Анам менің, асылым, лағыл әнім
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын.
Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын
Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,
Анам менің асылым, лағыл әнім -- деп "Анашым" әнімен ортада Ботакөз, Тоқтарбек, Мұхтархан.
-- Рахмет!
Балалар, сонымен дүниеде не тәтті?
-- Ананың сүті тәтті.
-- Не жұмсақ?
-- Ананың қолы жұмсақ
-- Жарайсыңдар, балалар!
-- Балалар, қазір мен сендерге сиқырлы таяқша берем. Бұл таяқшаны бір - бірімізге ұсынып, бүгінгі тәрбие сағатынан не ұқтыңдар, Сара Алпысқызы кім, ана деген кім? Жалпы, не үйрендіңдер, соны бір ауыз сөзбен қорытындылайық!
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма?
Борышты оған небір дархан дала да
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер, анаға!-дей келе бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетті. Қорыта келе, аналар еңбегін бағалап, сыйлап, ұзақ өмір тілей отырып, бесік тербеткен, әлемді тербеткен-асыл аналарымыз, аман болсын, жасай берсін дейміз.





















Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: