Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен -- ана!
Мақсаты: Ананың құдіретті де мейірімді ,аялы алақанының жылылық сезімін бала бойына сіңіру. Балалардың ата-анаға құрмет көрсетуін таныту. Еліміздегі аналарымыздың қоғамдық орындағы еңбегін таныту,оқып үйренуге баулу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Хор: Анашым
Ана-жүрек, құдірет де,
Ана - тірек, тіректі құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт. Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы бар жақсы қасиеттер ең алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Олай болатын болса, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен - Ана" туралы болмақ. Ендеше балалар, "Ана" дегенде ойымызға қандай жылы ұғымдар ұялайды. (балалар тақтаға өз ұғым түсініктерін жазады,қосымша интерактивті тақтада өзім дайындаған слайдты ашып көрсетемін)
-- Жақсы, жарайсыңдар балалар! Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда біз әлемді тербеткен асыл анамыз, Сара Алпысқызы туралы айтамыз.
-- Балалар, сендер Сара Алпысқызы туралы білесіңдер ме?
-- Иә.
-- Жарайсыңдар
-- Онда кім не біледі екен ортаға салайық.
Оқушылар өз зерттеулері бойынша дайындаған жұмыстарын қорғайды.
Осындай бір қолымен бесікті. бір қолымен әлемді тербетіп қоғамда өзіндік орнын көрсетіп келе жатқан анамыз - Сара Алпысқызына біздің әрбіріміз бас ие аламыз.
"Ана" (Көркемсөз оқитын Аяжан Сабырқызы)
Төгілген әр балаға мейірімің
Сарқылмас мәңгі бастау бұлағың
Жасашы Ана!
Жасашы - менің т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>