Гимнастика

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ілегім-дей келе әдеби музыкалық монтажға кезек берейік.
1-оқушы: Менің анам "айым" дейді,
Менің мұнайсам уайымдайды.
Менің анам "күнім" дейді,
Менің қуансам күлгендей.
2-оқушы: Ана деген асыл жандар ардақты,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.
3-оқушы: Асыл анам-алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,
Әр кеш менің ән-күйім, сая, бағым.
4-оқушы : Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім.
5-оқушы: Анашым сенсің менің тірегім,
Мен үшін нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап, аялап өтем тек сені,
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.
6-оқушы: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелейді жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымда.
7-оқушы: Ана десем шекшек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әр бір үйде жұлдыз болып жанады.
8-оқушы: Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер анашым.
9-оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Ана - тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Ана десем сезім билеп тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық-
"Анашым" әні орындайтындар: Ұлықпан Т
Бағыланова А
" Анашым"

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: