мінде жүктің жіберілген күнін, вагон, контейнер мен поезд номерін, ұсақ жүктер жоғалса, жоғарыдағы мәліметтермен қатар, іріктеу станциясын да анықтап, осы мәліметтерді жүктің бағытталған станциясына жібереді. Жүктің орта жолда өткен станциясы зат парақтарына қарап, жүктің жүріп өткен уақытын анықтайды да, жүктің бағытталған станциясына бір тәулік мерзімінде жүктің жүріп өткен уақытын, вагон мен поезд номерін, поездің таратылу станциясын хабарлайды.
Кейде іздестіріліп жүрген жүк станциядан жіберіліп, бағытталған станцияның жолына түспей қалады. Мұндай жағдайда жүктің бағытталған станциясына, егер вагондарға тиелген жүк жоғалған болса, жүктің жол бойындағы келесі ауысу станциясына жеделхат жіберуі қажет. Егер ұсақ жүк немесе контейнердегі жүкті табу қажет болса, жеделхат жүктің іріктелген станциясына жіберіледі. Жүктің ауысқан станциясы бағытталған станцияға тексеру нәтижелерін хабарлайды. Ұсақ жүкті іздестіру туралы жеделхатты алған іріктеу станциясы құрама вагонның келген-келмегенін анықтайды. Егер келген болса, жүктің бағытталған станциясына жүктің келген күнін, вагон мен поезд номерін, келесі іріктеу станциясын хабарлайды.
Егер іздестіріліп отырған вагондық жүк көрші жолға берілгені туралы, немесе құрама вагон таратылып, бағытталған жеріне жіберілгені туралы белгілі болса, жүктің бағытталған станциясы вагондық жүктің ауысу станциясына немесе құрама вагонды сұрыптау станциясына ары қарай іздестіру жеделхатын жібереді.
Егер іздестіріліп отырған жүк бірнеше жолдан өтуі қажет болса, жүктің бағытталған станциясы жүктің мүмкін өткен станцияларына жеделхат жібереді. Егер жүктің ауысу станциясында басқа жолға өтпегені анықталса, іздестіру жеделхаты жүкті ұстап қалған жолдың контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметіне тапсырылады. Бұл қызмет жұмы
Страницы: << < 28 | 29 | 30 | 31 | 32 > >>