і немесе зақымдалуы жағдайында, сондай-ақ жүкті жеткізуді және беруді кешіктірсе, қабылдаушы ғана арыз беруге құқылы. Тасымалдаушыға арыз немесе талап жариялау құқығын алу үшін, Жарғы белгілі бір дәлелдердің болуын талап етеді. Темір жолға талап етудің құқықтылығын растайтын құжаттарсыз арыз немесе талап жазу – талап тәртібінің бұзылуы болып саналады. Міндетті құжаттар – жүкқұжат, жүк түбіртегі және коммерциялық акт.
Жүктің жоғалуы жөнінде талап қою үшін, жүктің бағытталған станциясының белгілеуі бар жүк түбіртегін көрсету қажет. Бұл мүмкін емес болса, қабылдаушы түбіртектің орнына жүк құнының төленгені туралы құжат және жүктің бағытталған станциясының жүктің келмегенін растайтын белгісі бар темір жол анықтамасын көрсетуге болады. Жүктің жетіспеушілік, бүлінуі, зақымдалуы немесе кешіктірілуі жағдайында арызбен қоса жүкқұжат, сонымен қатар коммерциялық акт берілуі тиіс; жүк жеткізілуінің кешіктірілуі жағдайында – тек қана жүкқұжат.
Арыз жазу құқығын басқа ұйымдар мен адамдарға беруге болмайды, жіберушінің қабылдаушыға немесе қабылдаушының жіберушіге, сонымен қатар жіберуші немесе қабылдаушының жоғары тұрған немесе транспорттық-экспедициялық ұйымға беру жағдайынан басқа. Арыз жазу құқығын басқа біреуге беру құқығының шектелуі тасымалдау үрдісінің ерекшеліктерімен және көптігімен түсіндіріледі.
Талаптар жазу және қарастыру.
Жүк тасымалдауымен байланысты талаптарды жіберуші немесе қабылдаушы тек қана жүктің бағытталған жолына ғана бере алады. Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі, зақымдалуы жағдайында арызды контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметіне бағыттайды; жүк пен қол жүгінің кешіктірілуі, сонымен қатар вагондардың жүкті тиеген кезде тұрып қалуы, немесе контейнерлердің тиелу жерлерінде кешіктірілуі, вагондарға жүктің толығымен тие
Страницы: << < 30 | 31 | 32 | 33 | 34 > >>