ықтау үшін, пайдасы тиетін барлық құжаттар қолданылуы қажет: зат парақтары, вагон парақтары, жүк орналасқан жерлердегі немесе жылжымалы составтардағы пломбалар, жабыстырмалар, биркалар, белгілер, жүкпен бірге жүрген құжаттар, т. б.
Жетпей қалған жүкті бағытталған станция іздестіреді, ол жүкті жылдам табуға уақтылы шара қолдануға жауапты. Осыған қарамастан, жүкті жіберген, немесе жоғалтқан станция да іздестіруге ат салысуы қажет. Егер жол басқармасына жетпей қалған жүктің құнын төлеуді талап ететін арыз берілсе, іздестіруді контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметі атқарады. Егер жекелеген азаматтардан шағым немесе өтініш түссе, жүкті бағытталған станция немесе контейнерлік тасымалдау қызметі іздейді. Жүкті іздестіру туралы сұрау салуды дайындап, жіберуге, сондай-ақ, жүктің жіберілуі, жүріп өтуі немесе тапсырылуы туралы жауапқа бір тәуліктен аспайтын мерзім беріледі.
Уақтылы келмеген жүкті іздестіруге кіріспестен бұрын, жүк бағытталған станция келесілерді істеуі қажет: жүк негізгі немесе қосымша артынан жіберілетін құжаттар бойынша келген-келмегенін анықтау; іздеу салынған жүкті құжаттары жоқ жүктің және артық орын арасынан іздеу мақсатымен, құжаттары жоқ жүктер кітабының жазбаларын, қоймаларда сақталатын ұсталып қалынған жүктер арасынан іздестіру; егер жүктің бағытталған станциясы бекетке жататын болса, онда жүк бекеттің басқа да станцияларына келген-келмегенін анықтау; басқа станциялардан артық немесе құжаттары жоқ, сыртқы сипаттары жоғалған жүкке ұқсас жүктер табылғаны туралы хат алысудың бар-жоқтығын анықтау.
Егер осының бәрін анықтағаннан кейін, жүк табылмаса, станция іздестіру ісін бастауы қажет және дереу іздестіру жеделхатын жіберуі қажет (жіберген станцияларға, өз жолына түскен станцияларға). Жүкті жіберген станция бір тәулік мерзі
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>