Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

/>жүкті жіберуші мен қабылдаушының кінәсі;
тасымалданатын жүктің ерекше табиғи қасиеттері, мысалы өзінен-өзі жану, тым ылғалдылықтан болатын жүктің бүлінуі, тоттан болатын зақым, т. б. ;
жүкті тасымалдауға алған кезде сыртқы қарау кезінде жүкті сақтайтын ыдыс пен орауыштардың жетіспеушілігі, немесе жолда ыдыс пен қораптардың зақымдалмаған жағдайында жүктің қасиеттеріне немесе бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтін ыдыс пен орауыш қолдану.
Екінші топқа ерекше жағдайлар жатады:
жүк тыңғылықты вагонда (контейнер), жүк жіберушінің пломбалары дұрыс, жөнделген жүріп тұрған жылжымалы составта, артық шамадан тиемей, қорғаныс белгілері немесе орап матау дұрыс жасалған жағдайда жетті, сонымен қатар, жүктің амандығы мен түгелдігін дәлелдейтін басқа да белгілері бар болған жағдайда;
жүкті ашық жылжымалы составта тасымалдауымен байланысты, жүктің бүлінуі, зақымдалуы немесе жетіспеушілігі табиғи қасиеттерінің себебінен болған жағдайда;
жүк оны жіберуші немесе қабылдаушының жолсеріктерінің қадағалауымен жеткен жағдайда;
жүк жетіспеушілігі әдетте шығатын шығын нормаларынан аспаған жағдайда.
Жүкке іздеу салу тәртібі. Іздеу жеделхаттары.
Егер жүк бағытталған жеріне уақытында жетпесе, немесе оның бөлігі ғана жетсе, тасымалдау құжаттары жоқ жүк, немесе жүксіз құжаттар табылса, жүкке іздеу салынады.
Қабылдаушының (жіберушінің) талап етуімен, станция жүкті іздестіруге кіріседі. Ол үшін талап етуші жүктің тасымалдауға алынғаны туралы шынайы түбіртекті көрсетуі қажет, түбіртек жоқ болған жағдайда, келесі құжаттардың бірін көрсетуіне болады: жабдықтаушының есеп-фактурасы (немесе көшірмесі), есеп-фактураны алмастыратын жабдықтаушы құжаты, жүк тиелген станцияның (кемежайдың) жүкті жібергені туралы анықтама. Іздестіру барысында жүктің қайда екенін ан

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: