скерлері бір тәулік мерзімінде жүктің келесі жолға ауысқанын дәлелдеуі қажет, немесе оны өз жолынан тауып, жүктің бағытталған станциясына хабарлауы тиіс. Егер іздестіріліп отырған жүк іздестіру туралы сұрауға берілген жауаптан бұрын келсе, онда жүктің бағытталған станциясы сұрау жіберілген станция мен жолға іздестірудің тоқтатылатыны жөнінде дереу хабарлауы тиіс.
Құжаттары жоқ жүк тиелген вагонды көрген станция белгілер мен пломбалары бойынша оның келу уақыты мен бағытталған станциясын анықтауы тиіс. Жүксіз құжаттарды тапқан станция коммерциялық акт жасап, құжаттармен бірге пошта арқылы бағытталған станцияға жібереді және поезді құрау сатнциясына, немесе жүксіз құжаттарды алып келген құрама вагонға пломба қойған станцияға, сонымен қатар, жүкті жіберген станцияға хабарлайды.
Жүкті іздестіруді тездету үшін, МПС контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметінің Басты басқармасында орталықтандырылған іздестіру тобы ұйымдастырылған. Темір жолдың барлық станциялары, құжаттары жоқ жүк немесе жүксіз құжаттар тауып алса, табылған жердегі сәйкес тексеруден кейін, керекті мәліметтерді осы топқа береді. Бұл топ жүктің бағытталған станциясын анықтап, баратын жеріне жіберуді бұйырады. Қазіргі уақытта жүктерді ЭЕМ арқылы іздестіру жүйесі қарастырылуда.
Арыздар мен талаптар беру құқығы.
Талап (претензия) – жіберуші немесе қабылдаушының темір жолға тасымалдау міндеттерінің орындамалғаны үшін ақшалай сомаларды төлеуді талап ететін жазбаша құжат. Жарғыда қарастырылғандай, тасымалдау жөнінде темір жолға талап немесе арызды тек қана жүкті жіберуші немесе жүкті қабылдаушы жібере алады, және талап ету түріне байланысты, Жарғы олардың өкілеттіліктеріне шек қояды. Жүкті жоғалтқанда бұл құқыққа жіберуші де, қабылдаушы да ие бола алады, ал жүктің жетіспеушілік, бүліну
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>