КГКП «Электротехника колледжі»
Закарьянова А. Э.
«Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Семей
2015
Дәрістер
1-дәріс. Көліктің халық шаруашылығындағы ролі. Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.
Дәріс мазмұны:
Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары
Станциялар классификациясы.
Жүк аулалары және тауар кеңселері.
Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары
Жүк тасымалдарын жетілдіру және дамудың негізіне тасымалдау процессінің жпңа технологиялары жұмылдырылған, олар тасымалдауда шығынның азаюын, ресурстардың жиналуын, экологиялық қауіпсіздікті және сервисті көлік қызметінқамтамасыз етеді. Олар көлік логистикасы және электроника құрылғылары, есептеу машиналары негізінде жасалған.
Тасымалдау процессінің жаңа біріккен моделі (ЕМПП) тасымалды автоматты түрде жедел басқару жүйесін (АСОУП) ауыстырады. Жүк тасымалдарына есептерді автоматтандыру жүйесі (АСГРП) жаңа ақпараттық технологиялар және қаржы-есеп негізінде жүк тасымалына келісім-шарт жасағанда тасымал процессінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты-технологиялық арақатнаты қамтамасыз етеді. Контейнер тасымалының жаңа автоматты басқару жүйесі (АСУКП) контейнерлердің қозғалуын және оларды бақылауды жақсартуы керек, сонымен қатар жүк станцияларында және контейнер пунктерінде ақпараттық қызмет қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған дайындық жүйесі және тасымалдау құжаттарын ресімдеу ЭРТРАН жүк тасымалдарын жаңа тәсілмен сапалы ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және дамытудың негізгі басты бағыттары болып саналады:
есіктен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>