Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

Жүктің түгелдігі мен амандығын қамтамасыз ету жауапкершілігі.
Дәріс мазмұны:
Жүкке іздеу салу тәртібі.
Іздеу жеделхаттары. Арыздар мен талаптар беру құқығы.
Талаптар жазу және қарастыру. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
Темір жол жүк түгелдігі мен амандығына оны тасымалдауға қабылдаған уақыттан бастап, қабылдаушыға тапсырғанша, немесе жүкті орнатылған тәртіппен басқа кәсіпорын немесе ұйымға бергенше, жауапкершілік атқарады. Темір жолдар, жүкті жіберушілер мен жүк қабылдаушылар жүк тасымалдауға жалпы азаматтық заңнамаға емес, Жарғыға сәйкес (VII бөлім) материалдық жауапкершілік атқарады.
Темір жолдар, жүкті жіберушілер мен жүк қабылдаушыларына жүктелген жауапкершілікті алып тастау, немесе жол жоспарын өзгерту мақсатымен жасалған жүкті жіберушілер, қабылдаушылар немесе жолаушылармен жасалған келісімдер жарамсыз болып саналады, ал бұл жөніндегі Жарғы, немесе Ережеде қарастырылмаған жүкқұжаттағы белгілеулердің, Жарғының 143-бабына сәйкес, заңдық күші жоқ.
Азаматтық заңнаманың жалпы ережелеріне сәйкес, шығындарды толық көлемде төлеу міндеттелсе, Жарғыда түспей қалған табыс шығынын төлеу қажет емес деп көрсетілген, және жүктің жоғалуы немесе жетіспеушілігі, оған зақым келуі үшін төлемдер шектеледі.
Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуы темір жол кінәсінан емес, жүкті қабылдаушылар мен жіберушілерге байланысты себептерден немесе объективті себептерден (кездейсоқ зақым) болса, темір жол жүк иелеріне шығындарды төлей алмайды. Осыған байланысты Жарғыда жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуына темір жолдың жауапты болмайтын жағдайлары қарастырылған. Бұл жағдайлар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа темір жол алдын ала алмаған және олардың алдын алу темір жолға байланыссыз болатын жағдайлар жатады:

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: