і тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші оқулық - ресурстар арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерді өзі шығарады. Қарапайым жаттығу - мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Жаңаша пайымдалған мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс - әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің - мұғалімдердің дәстүрлі сабақта қолданатын әдіс - тәсілдерден айырмашылығы әрине болатынын айқын көруге болады. Демек, бұдан шығатын қорытынды "оқыту әдістемесі" деп отырғанымыз "оқушы - мұғалім" деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың жеке және топтық түрлері болып табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір - қасиет сезімін дамыту. Үшөлшемді әдістемелік жүйе технологиясы қойылатын оқыту мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр" деген болатын. Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол. Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбег
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>