түзетуге, бақылап, рейтниг жүйесімен бағалауға, сол арқылы өзін - өзі рефлексивті басқаруына айналуға;
оған сәйкесті жеке тұлға өз бетімен дамуын қадағалайтын мониторингін құруына мүмкіндік ғана беріп қоймайтындығын көрсете отырып, мұғалімнің өз жұмысына пайдалану үшін ғылыми - әдістемелік, ғылыми - ізденіс жұмыстарына ынталандырып, шығармашылықпен жұмыстануға да, кәсіби өсуіне де ықпалы зор екенін, күнделікті сабақтың жемісінің көрінісі екенін дәлелдеу.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, үшөлшемді әдістемелік жүйе технологиясының басты компоненті - оқыту мақсаты - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін талап етеді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда - оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет. Яғни, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші - оқулықтарда беріліп, оқушының өздігінен танымдық іс - әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігімен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші - оқулықтардың мазмұны білім алу құралына айналады. Сондықтан да оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясын дифференциалды және дербес деңгейлік принциптердің талаптарына сәйкес өткізілетін сабақ түрлеріне арналған база жинақталады. Бұл әңгімелесуші ресурстар мен оларға қосымша төрт деңгейдег
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>