Жаңа технология элементтерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

не басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден - бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Ұстаз алдындағы басты мақсат - сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды - машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру. Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән - мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. "Жақсы мұғалім - мектептің жүрег"і,- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім - тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі. .
Нағыз мұғалім болу - үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуа

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: