Жаңа технология элементтерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес,
Ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж. Аймауытов
Сабақ - педагогикалық үрдіс. Дидактикалық кезеңдердің өзара ішкі байланысы ғана емес, осы компоненттердің бірізділігі, яғни оның өзіне тән ішкі байланысы мен құрылымы болатындығы сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы үшін мұғалімнің теориялық білімі, ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, жаңашылдығы негізгі роль атқарады. Ол шығармашылықты, шеберлікті, жан - жақтылықты, заман талабына сай құзіреттілікті қажет те талап етеді. Сабақтың білімділік мақсаты, дамытушылық мақсаты, тәрбиелік мақсаты біртұтас сабақтасып, мұғалімнің алдына қойған мақсатын іске асыруына негіз болады. Ал мұғалімнің алдына қойған мақсаты - жан - жақты теория мен практиканы ұштастыра алатын, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру, оқу мен тәрбие процесінде жоғары нәтижеге жету. Осы мақсатта қазіргі заман талабы да талап етіп отырғандай инновациялық технология әдістерін пайдалану барысында мұғалім оқушының өмірі, құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа ала отырып, білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын: білім берудің "ізгілік парадигмасын" іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Ол "білгір адам" парадигмасын ауыстыратын "өмірге дайындалған адам", "іскер адам" парадигмасы болып табылады. Бұл ауысу білім берудің барлық мазмұнын терең ойлауға ықпал етеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу - тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы бі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: