і. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос - Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. "Сын тұрғысынан ойлау" ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті - түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір - сайыс, ойын, шығармашылық, өзін - өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу - тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. Бұның мақсаты - барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің жә
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>