лім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс - әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Осы жерде А. Байтұрсынов атамыздың сөзі еске түседі: "Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек". Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан - жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
"Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың "миына құйғанымен", мысалы, 9- сыныпта Ньютонның І заңының тұжырымдамасын мысалдар келтірумен түсінікті етіп, ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатына байлап қояды. Көптеген жағдайларда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл баланың оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады. "Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек" - дейді Сухомлинский. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді, сол білімді өм
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>