География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>

іне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Аустралияның физикалық картасы,"Үлкен Тосқауыл рифі" қабырға суреті
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдісСабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (40 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
ІV кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
ІІЖаңа материалды оқып үйрену үшін мұғалім әуелі оқушылардың Аустралия жөніндегі түсінігін анықтайды, бұл олардың жаңа материкті ықылас қойып, оқып үйренуін қалыптастыру үшін қажет. Мұғалім оқушылардан Аустралия туралы қандай кинофильм, теледидар хабарларын көргенін сұрайды. Бұдан кейін мұғалім Аустралияның ғажайып материк екенін, біздің елімізбен салыстырғанда, онда бәрі керісінше екенін, солтүстігіне карағанда оңтүстігінің суық болатынын, жазы желтоқсанда, қысы шілдеде басталатынын айтады. Онда басқа материктерде мүлдем кездеспейтін жануарлар сақталған.
Аустралияның географиялық орнын қарастырғанда "Материктің географиялық орны" деген ұғымның нені қамтитынын оқушылармен бірге еске түсірген жөн.
Аустралияның географиялық орнына өз бетімен ауызша сипаттама жасауды ұсынуға болады. Аустралия мен Оңтүстік Африканың географиялық орнындағы ұқсастық белгілерді атап өтуі керек.
Жағалық сызықтар ж

Страницы: <<  <  97 | 98 | 99 | 100 | 101  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: